Павлодар облысында дала өрті тікұшақпен сөндірілді.
22 маусым күні Баянауыл ауданының Күркелі ауылынан 27 шақырым жерде құрғақ шөп тұтанып, соңы өртке ұласқан еді. Өрт cөндірушілерге «ауыл құтқарушылары» жасағының еріктілері мен орман шаруашылығының қызметкерлері көмекке келді. Өртті әуеден сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы тартылды. Суды Шалқаркөлден алған тікұшақ бес рет көкке көтеріліп, 13 тонна су төкті. Жедел әрекеттің нәтижесінде өрт кеше кешкісін толық сөндірілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Тегтер #Павлодар облысы #дала өрті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz