RU
Толық нұсқаға өту
Фото:Шұбар күзен/Үстірт мемлекеттік қорығы т

Маңғыстау даласынан сирек кездесетін аң табылды

25.06.2026, 11:29 53

Маңғыстау облысында даладан   Қызыл кітапқа енген шұбар күзен табылды. Сирек кездесетін аң  көмекке мұқтаж  болған, деп хабарлайды «24KZ». 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мәліметінше, жабайы жануарды полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жеткізілген.

Қорық мамандары күзеннің  жағдайын тексерген.

Мамандардың айтуынша, табылған аң – Қазақстан фаунасындағы Vormela туысының жалғыз өкілі саналатын шұбар күзен.

Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және саны азайып бара жатқан сирек түріне жатады.

Тексеру барысында жануардың денесінен ауыр жарақаттар анықталмаған. Осыдан кейін шұбар күзен табиғи мекендеу ортасына  Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалы аумағына жіберілді.

Шұбар күзен негізінен құмды алқаптарда тіршілік етеді және ұсақ кеміргіштер көп шоғырланған жерлерді мекендейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz