RU
Толық нұсқаға өту
Фото: жеке архив

Алакөлде танымал медиа маман Айгерім Мейірқанова кенеттен қайтыс болды

29.06.2026, 17:27 45

Алакөл жағасында танымал PR маманы Айгерім Мейірқанова кенеттен қайтыс болды. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды «24KZ».

Айгерім Мейірқанова ұзақ жылдар бойы журналистерді, баспасөз хатшыларын және PR мамандарын біріктірген BAQ / БАҚ / БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІ / PR кәсіби медиа қауымдастығының әкімшісі болды. Ол түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысып, Қазақстанның медиа саласында тәжірибелі PR маманы ретінде танылды.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 маусымда сағат 17:40-та Мақаншы аудандық полиция бөліміне «103» қызметінен Алакөл жағалауында 38 жастағы әйелдің кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Куәгерлердің айтуынша, Айгерімнің аяқ астынан жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылғанымен, ол медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

«Аталған дерек бойынша Мақаншы аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Айгерім Мейірқановамен қоштасу рәсімі 29 маусым күні сағат 19:00-де Қосшы қаласындағы Бөгенбай батыр мешітінде өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz