RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Түркістанда мектептің бұрынғы директоры пара алғаны үшін сотталды

01.07.2026, 12:21 44

Түркістан облысында мектептің бұрынғы директоры К. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, ол міндетті тестілеу және аттестаттау комиссиясынан өтпеген мұғалімдерге заңсыз түрде біліктілік санаттарын беріп, мұғалімнен пара алған. Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан 12 мұғалімге бюджет қаражатынан жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам жалақы негізсіз төленгені анықталды.

Бастапқы сот отырысында айыпталушы кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған болатын. Алайда Бас прокуратураның кассациялық наразылығы негізінде ақтау үкімінің күші жойылып, іс апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жіберілді.

Істі қайта қарау барысында сот К.-ны лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz