RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Ашық дереккөз

Ақбаян күйеуінің опасыздығын білген соң ажырасуға арыз берген – прокурор

01.07.2026, 12:44 48

Атыраудағы атышулы іс бойынша өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты жаңартылған айыптау актісін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Прокурор Майра Ержанованың айтуынша, тергеу мәліметтері бойынша, Сәрсемалиевтің әйеліне опасыздық жасауы ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болған.

«2022 жылдың жазында күйеуінің көзіне шөп салғанын білген Ақбаян Мұқанғалиева бұл туралы ата-анасы мен туыстарына айтып, ажырасуға арыз берген. Әкесі Мақсот Қарабалин қызын балаларымен бірге алып кеткен. Кейін Махамбет аудандық сотының шешімімен неке бұзылған. Осы жағдайдан кейін Сәрсемалиевтің қайын жұртына деген өшпенділігі күшейген», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Бұған дейін өткен сот отырысында Сұлтан Сәрсемалиев қашықтан қатысып, әйелінің көзіне шөп салғанын мойындаған. Алайда бұл жайттың әйелінің туыстарына айтылғанына реніш білдірген.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Шынар Нұрмұратқызының айтуынша, сол кезде Ақбаян Мұқанғалиеваның есі дұрыс болған және ол некені бұзу туралы арызды өз еркімен жазған.

Адвокат бұл құжатты қылмыстық іс материалдарына қосуды сұрады.

Сот барысында прокурор ұсынған жаңа айыптау актісінде Сәрсемалиевке бұрын жасаған қылмысын жасыру мақсатында тағы бір қылмыс жасаған деген айып тағылған. Сонымен қатар оған мал ұрлығы және интернет-алаяқтық баптары бойынша да айыптар қосылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz