RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматылықтар су басу қаупі туралы шұғыл ескерту алды

01.07.2026, 13:46 66

 «Қазгидромет» РМК Алматы тұрғындарына шұғыл ескерту жасады. Ведомствоның мәліметінше, нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аумақтарда сел жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігі, «Қазселденқорғау» және Алматы қаласы ТЖ департаментінің азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізіліп, құтқару бөлімшелері жедел әрекетке дайын.

Азаматтарды жедел ақпараттандыру мақсатында Наурызбай ауданында жергілікті құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Мамандар тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Қауіпсіздік мақсатында ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауы тауларына барудан және демалыстан уақытша бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ өзендер мен сайлар маңында шатыр тігуге болмайды.

Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйену сұралады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz