RU
Толық нұсқаға өту

БҚО: ветеринарлық станцияда ₸100 млн қолды болған

08.07.2026, 15:33 48

Батыс Қазақстан облысында аудандық ветеринарлық станцияның бас бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Казталов аудандық соты бас есепшіні 100 миллионнан астам теңге жымқырғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Аталған сыбайлас жемқорлық фактісі прокуратура органдарының ветеринария саласында жүргізген тексеруі барысында анықталған. Сотқа дейінгі тергеп тексеруді облыстың арнайы прокурорлары жүргізді. Сотта анықталғандай, лауазымды тұлға ұрлаған қаражатты құмар ойындарға салып жіберген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталушы апелляцияға арыз берген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz