Петропавлда асфальт-бетон зауытында өрт шығып, бір жұмысшы өндірістік жарақат алды. Оқиға бүгін таңертең болған, деп хабарлайды «24KZ».
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зауыт аумағында битумды қыздыруға қолданылатын техникалық май тұтанған. ТЖД-нің 14 қызметкері 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Өрт салдарынан 1975 жылы туған ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
«Ауруханаға жеткізілерден бір сағат бұрын техникалық май жарылған. Ер адамның денесінің 95 пайызын II–IIIАБ дәрежелі жалыннан болған термиялық күйік шалған. Сондай-ақ оған III дәрежелі күйіктік шок диагнозы қойылды», деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Петропавл #зауытта жарылыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz