Ақмола облысының Целиноград ауданында қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, суға құлаған жеңіл көліктің салонында болған 8 және 12 жастағы екі қыз бала қаза тапқан, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға 11 шілде күні Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су айдынында болған. Алдын ала болжам бойынша, отбасы демалып жүрген кезде балалар суға түскеннен кейін жағалауда тұрған көлікке киім ауыстыру үшін кірген. Осы сәтте көлік белгісіз себептермен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға құлаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, сондай-ақ Ақмола облысы мен Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқарушылары келген.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар көлікті судан шығарып алды. Автокөлік салонынан екі баланың денесі табылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдарын Ақмола облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #АқмолаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz