RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Абай облысында екі жасөспірім суға кетіп, денесі табылды

13.07.2026, 17:40 25

Абай облысында қайғылы жағдай тіркелді. Семей қаласының Нахаловка ауданында Ертіс өзенінде екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды «24KZ».

Қайғылы оқиға 12 шілде күні болған. 2015 және 2016 жылы туған балалардың денесін құтқару қызметінің мамандары судан алып шықты.

Осыған байланысты Абай облысының Полиция департаменті ата-аналарға үндеу жасады. Мамандар балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың қайда және кіммен жүргенін үнемі бақылауға шақырды.

Қазір полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық рейдтерді жалғастырып жатыр. Негізгі назар шомылуға арналмаған орындарға және ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға аударылуда.

Мамандар бірнеше минуттық бақылаусыздықтың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Балалардың қауіпсіздігі — ата-аналар мен ересектердің ортақ жауапкершілігі.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz