RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында кәріз құдығына түскен аурухана жұмысшылары мерт болды

14.07.2026, 12:18 55

Жамбыл облысының Шу қаласында кәріз құдығына түскен аурухана жұмысшылары мерт болды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шу қаласында болған қайғылы оқиға салдарынан аурухананың бірнеше жұмысшысы кәріз құдығына түсіп, газға уланып қалған. 

Алдымен кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник тұншығып, көмекке шақырған. Оның даусын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқармақ болып, тереңдігі шамамен үш метр болатын құдыққа түскен. Алайда ол да есінен танып қалған. Кейін екі әріптесін аман алып қалуға ұмтылған үшінші қызметкер де құдықтан шыға алмай қалған. Салдарынан үш адамның екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшінші болып түскен сантехник аман қалып, қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz