RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малы ұрланды

16.07.2026, 12:01 237

Жамбыл облысының Қордай ауданында 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция мәліметінше, жергілікті тұрғын жазғы жайылымға шығарар алдында малын түгендеген. . Сол кезде 51 қойы мен 27 қозысының жоғалғаны белгілі болған.  Келтірілген материалдық шығын 8,5 млн теңгеден асқан.

Иесінің айтуынша, ол жоғалған малды өз күшімен іздегенімен, нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

Аталған дерек бойынша мал ұрлау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Полицейлердің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде ұрланған малдың бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды.

Полиция мал иелеріне қора-жайдың қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалап, сәйкестендіру құралдарын қолдануға және мал жоғалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz