RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жалған кәсіпкерлік арқылы 200 млрд теңге шетелге шығарылған: тергеу басталды

16.07.2026, 14:01 65

Түркістан облысында жалған кәсіпкерлік схемалары арқылы шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі қаржыны шетелге заңсыз шығару фактісі анықталды, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекет басшысының көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысының прокуратурасы бірқатар заңсыз қаржылық және контрабандалық схемалардың жолын кесті.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы қаржы құралдарын алыс және жақын шетелдерге заңсыз шығару фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 235-1-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыруға қатысты жауапкершілік).

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен әкелінген темекі өнімдерін Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде өткізу арнасы тоқтатылды.

Жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 млн теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (заңсыз кәсіпкерлік қызметке және экономикалық қызмет саласындағы талаптарды бұзуға байланысты жауапкершілік).

Бұдан бөлек, шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен алынған қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша (пара алу) және 367-бабы бойынша (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 тұлға анықталып, олардың 5-еуі күзетпен ұсталды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz