RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан азаматтары Грузияда отырып басқарып келген онлайн-казино жабылды

20.07.2026, 13:14 118

Айналымы 7,5 миллиард теңгеге жеткен «Nomad Poker» онлайн-казиноның заңсыз қызметі тоқтатылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол еліміздің аумағында жұмыс істеген және оны Қазақстан азаматтары Грузиядан басқарып отырған. Заңсыздықты ұйымдастырғандар онлайн-казиноға 20 мыңнан астам адамды тартып, пайдаланушылардың санын арттыру үшін әлеуметтік желілерде жарнама жасағаны анықталды. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Ұйымдастырушылар үшінші тұлғалардың банк шоттарын, яғни «дропперлердің» шоттарын пайдаланудың тармақталған жүйесін құрған. Осы мақсатта күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарының ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етіп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақы үшін банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген. Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz