RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

20.07.2026, 14:22 278

Атырау облысы Махамбет ауданында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмса, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24 KZ».

Қайғылы оқиға 18 шілде күні кешке тасжолдың 56-шы шақырымында болған. Атырау облыстық Полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, жолда Toyota Sienna мен Lada Granta маркалы екі автокөлік соқтығысқан.

Соққы салдарынан Toyota Sienna көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жол апатына қатысушы тағы 4 адам әртүрлі денене жарақаттарымен шұғыл түрде ауруханаға госпитальзацияланды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz