Үндістанда қайғылы оқиға орын алды: өзен жағасында аяқ-қолын жумақшы болған 12 жасар балаға қолтырауын шапшаң шабуыл жасап, су түбіне сүйреп кеткен, деп хабарлайды «24 KZ» The Times of India басылымына сілтеме жасап.
Оқиға бала алқаптағы жұмысын аяқтап, өзен жағасына тоқтаған сәтте болған. Жыртқыш аң кенеттен шыға келіп, баланы аяғынан тістеп, суға қарай тарта жөнелген.
Баланың айғайлаған дауысын естіп, жақын маңда жүрген фермерлер мен оның өз ағасы көмекке ұмтылған. Олар жыртқышты үркіту үшін тас пен кірпіш лақтырғанымен, қолтырауын оған елең етпестен, құрбанын су астына алып кеткен.
Жасөспірімнің денесі бес сағаттан кейін ғана табылды. Қолтырауын баланы жартылай жеп үлгерген: оның оң аяғы мен денесінің төменгі бөлігі қатты зақымданған.
Артында марқұмның бауыры мен екі қарындасы қалды.
Тегтер #Үндістан #қолтырауын #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz