Павлодар облысының Успен ауданында дауылды жел инфрақұрылым нысандарына зақым келтірді.
Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында электр беру желілерінің жеті тіреуіші бұзылды. Бұдан басқа Қоңырөзек ауылында үйіріліп соққан жел он екі жекеменшік үйдің және жергілікті Мәдениет үйі ғимаратының төбесін жұлып кетті. Зақымданудың жалпы көлемі анықталуда. Жедел мәліметтер бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД күштері жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда, үйіріліп соққан құйынның салдарын жою жалғасып жатыр.
Тегтер #Павлодар облысы #құйын #торнадо #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz