Қостанай – Қарабұтақ тасжолында қайғылы жағдай орын алды. Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды «24KZ».
Қайғылы оқиға Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылының маңында болған.
Алдын ала алынған мәліметтерге сүйенсек, Kia Sorento маркалы автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа атып шыққан. Нәтижесінде қарсы келе жатқан DAF маркалы ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішіндегі бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қостанай облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы мен нақты себептерін анықтауда. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта полиция жол апатының барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Қостанай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайына сай жылдамдықты таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырды.
Тегтер #Қостанай #жол апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz