Атырауда бірнеше дүкеннің кассасынан ақша жымқырды деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Polisia.kz мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағында бірнеше рет ұрлық жасаған деген күдікпен 30 жастағы ер адамды қолға түсірген.
Тексеру кезінде оның Атыраудағы бірнеше азық-түлік дүкенінің кассасынан түрлі көлемдегі ақшаны жасырын жымқырғаны анықталған. Соңғы ұрлығында күдікті дүкен кассасынан 2,5 млн теңгені қолды еткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Атырау #ұрлықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz