RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Жамбыл облысында Wi-Fi сұрай келген туысы кішкентай қызды зорлаған

22.07.2026, 14:07 85

Жамбыл облысында екінші сынып оқушысына жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «24KZ».

Қайғылы оқиға өңірдегі шалғай ауылдардың бірінде болған. Қарапайым отбасының отағасы өндірісте еңбек етсе, анасы еден жуушы болып қосымша табыс тауып келген. Ал балалар жасы келгендіктен көзі көрмей қалған атасының қарауында болған. Оқиға болған күні үй иесі үлкен ұлы мен қызын алып, шаруаларымен қалаға кеткенде, үйде тек қария, оның екінші сыныпта оқитын кіші немересі және бесікте ұйықтап жатқан сәби ғана қалған.

Іс материалдарына сәйкес, түскі сағат 13:30 шамасында аулаға интернетке қосылу үшін Wi-Fi құпиясөзін сұрап алыс туысы кірген. Ол үйде ересектердің жоқтығын пайдаланып, «Әкел, бетіңді сүйейін» деген сылтаумен бүлдіршінді тізесіне отырғызған. Осылайша қаскөй баланың дәрменсіздігі мен атасының зағиптығын пайдаланып, кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Оқиғадан кейін ер адам түк болмағандай қызды далаға ойнауға жібере салған. Кешке анасы жұмыстан оралғанда, екінші сынып оқушысы денесінің ауырсынып тұрғанын айтып, күндіз келген туысы туралы баяндап берген.

Анасы дереу учаскелік полиция инспекторын шақыртқан. Жедел-тергеу тобы жетіп, криминалистер қылмыс болған диваннан маталар мен микроталшықтарды тәркіледі. Сараптама нәтижесі баланың сөзін толықтай растады.

Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қылмыстың ерекше ауырлығын ескере отырып, бірінші сатыдағы сот айыптыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz