Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжанов жақын күндері бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады, деп хабарлайды «24KZ».
Қорғаушының айтуынша, сот Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданған. Сот қаулысы түзеу мекемесіне түскеннен кейін ол бостандыққа шығарылады.
Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұған дейін оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқартылып, 2026 жылдың қарашасында босап шығатыны хабарланған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #Бишімбаев #Байжанов #рақымшылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz