RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған

23.07.2026, 11:57 41

20 күн ішінде Қазақстаннан шетелге 112 тоннадан астам жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығуға әрекет жасалған. 1-21 шілде аралығында мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз өткізуге бағытталған 1342 жағдай тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, заңсыз тасымалдау әрекеттерінің барлығы өткізу пункттерінде анықталған.

Құқық бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жұмыстар жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымын шектеуге және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҰҚК Шекара қызметі аталған бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz