RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Вьетнамнан экстрадиция: 2,5 млрд теңгені қолды қылған күдікті елге қайтарылды

24.07.2026, 09:43 59

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-да мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде 2,5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікті Вьетнам Социалистік Республикасынан елге жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ»

 Еске салсақ, 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген болатын.

Алайда күдікті Орталық директоры Р.К. Сатыбалдиевпен, Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Д.Б. Искендеровамен, сондай-ақ «Марк Инвест» ЖШС мен «Direct Services» ЖШС басшысы А.А. Шинтемировамен сөз байласып, құрал-жабдықтардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған.

Сот үкімімен Р.К. Сатыбалдиев, Д.Б. Искендерова және А.А. Шинтемирова кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2025 жылғы наурызда қылмысты ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған еді.

Үстіміздегі жылдың басында ол Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің, Интерполдың Ұлттық орталық бюросының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz