RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Ақтаудағы клиникадан елде тіркелмеген 238 заңсыз препарат табылды

24.07.2026, 13:08 149

Ақтау тұрғынының «сұлулық тамшылатқышынан» кейін түскен шағымы жеке медициналық орталықтың жабылуымен аяқталды, деп хабарлайды «24KZ». Тексеру барысында клиникадан Қазақстанда тіркелмеген 238-ден астам заңсыз препарат табылды.

Ақтау қаласының тұрғыны сұлулық процедурасының нәтижесіне көңілі толмай, клиникадан ақшасын қайтаруды талап еткен. Медициналық орталық қаржыны қайтарудан бас тартқан соң, ол Фармацевтикалық бақылау департаментіне шағымданған.

 

Шағымдан кейін Департамент мамандары жүргізген тексеру барысында клиникада пациенттерге елде тіркеуден өтпеген қауіпті әрі заңсыз дәрі-дәрмектердің салынғаны анықталды.

Олардың арасында:

  • Сұлулық индустриясында танымал «Золушка» тамшылатқышының құрамдас бөліктері;

  • Адам плацентасының гидролизаты негізінде жасалған препараттар бар.

Бұл өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мемлекеттік тексеруден өтпегендіктен, олар азаматтардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін еді.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты іс сотқа жолданып, клиника иесіне ірі көлемде айыппұл салынды.

Сондай-ақ медициналық орталықтың қызметі 1 айға тоқтатылып, ел аймағына заңсыз әкелінген препараттардың барлық қорын толықтай жою міндеттелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz