Астанада полицейлер аса ірі мөлшердегі ұрлықтың бетін ашты. Өзі бұрын күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 миллион теңгенің электр кабелін қолды қылды деген күдікпен 31 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу мәліметінше, күдікті ғимаратқа еш кедергісіз кіріп, электр кабелін жасырын түрде ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 21 млн теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұры бұрын осы жерде жұмыс істегендіктен, нысанның құрылымын, күзет жүйесін және бағалы мүліктердің қайда сақталатынын өте жақсы білген. Ол өзінің осы мүмкіндігін пайдаланып, қылмысқа барған.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Астана #күзетші #кабель #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz