RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ертіс өзенінде 8 жастағы бала қаза тапты

27.07.2026, 12:07 45

Абай облысының Семей қаласында Ертіс өзенінде қайғылы жағдай болды. 8 жастағы баланы өзен ағысы алып кетіп, құтқарушылар оның денесін судан тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 24 шілде күні Педагогикалық институт маңындағы Ертіс өзенінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2018 жылы туған бала анасының жанында су жағасында жүрген. Ойын кезінде оны өзен ағысы алып кеткен.

Оқиға орнына Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен.

«Іздеу-құтқару жұмыстары барысында баланың денесі табылып, судан шығарылды. Құтқару жұмыстарына Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен Абай облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды», – деді Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Алдын ала анықталғандай, қайғылы жағдай суға түсуге тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған жерде болған.
ТЖД тұрғындарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға шақырады.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz