RU
Толық нұсқаға өту

Оралда орманды алқап өртенді

27.07.2026, 21:37 43

Орал қаласындағы Хан тоғайында орман шаруашылығы аумағының 18 гектар алқабы өртенді.

Қызыл жалынды ауыздықтауға орман шаруашылығының, мемлекеттік орман күзетінің және төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен техникасы тартылды. Атап айтқанда, 107 адам, 23 бірлік техника, сорғы қондырғысымен 2 арнайы жүзу құралы, 2 бірлік тікұшақ жұмылдырылды. Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеуі барысында дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде жалынның кең аумаққа таралуына жол берілмеді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өрт сағат 20:28-де оқшауланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz