RU
Толық нұсқаға өту

«Атамекен» палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28.07.2026, 16:36 37

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жазасын өтеп жатқан мекемеден босатылды, деп хабарлайды «24KZ» Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сүйеніп.

Босап шыққаннан кейін ол пробация қызметіне есепке қойылды. Оған сот шешімінен туындайтын барлық шектеулер мен талаптарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығуға тыйым салуды қатаң сақтау міндеттелді. Пробация қызметінің қызметкерлері оның міндеттерін орындауын тұрақты түрде бақылап, тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу басталғаны 2023 жылдың мамыр айында белгілі болды. Ол туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесемін деп алдап, аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

2024 жылы ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, яғни аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Үкімет заңды күшіне енген соң, ол Павлодар қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді.

Бұған дейін ол мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы екі рет өтініш білдірген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz