RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Астанада жедел жәрдем станциясында 700 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған

28.07.2026, 17:46 39

Елордада жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу барысында 2020–2023 жылдар аралығында мекеменің бұрынғы директоры, көлік бөлімінің бұрынғы басшысы және бас механик әрі қойма меңгерушісі санитарлық автокөліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге бөлінген қаражатты жымқыруды ұйымдастырғаны анықталған.

Соның салдарынан жұмысқа жарамды жедел жәрдем көліктерінің саны 149-дан 32-ге дейін азайған.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке келтірілген жалпы шығын 700 млн теңгеден асты. Оның ішінде 440 млн теңгеден астам қаражат сот үкімімен өндірілсе, такси қызметтеріне жұмсалған 300 млн теңгеден астам сома азаматтық сот тәртібімен өндіріп алынуға жатады.

Сот айыпталушыларды сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл қылмыс Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген.

Сондай-ақ олардың барлығы өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында лауазым атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz