RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

American Airlines жүйесіндегі ірі ақау: АҚШ-та мыңнан астам рейске кезек туындады

29.07.2026, 09:58 37

American Airlines әуе компаниясының IT-жүйесінде орын алған ауқымды ақау салдарынан Америка Құрама Штаттарында әуе рейстері жаппай кідіртілді, деп хабарлайды «24KZ».

Техникалық ақаудың кесірінен Федералдық азаматтық авиация басқармасы аталған әуе компаниясының ұшақтарына уақытша ұшуға тыйым салды. Шектеу шарасы бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Жүйелер жұмысы толық қалпына келтірілгеннен кейін тасымалдаушы қайтадан ұшуды жалғастырып, жолаушылардан кешірім сұрады.

FlightAware деректері бойынша, 1100-ден астам рейс кешіктірілген — бұл тәуліктік көрсеткіштің шамамен үштен бірін құрайды. Сонымен қатар 221 рейс толығымен жойылды.

Flightradar24 сервисі де жүйе істен шыққан уақытта әуеде American Airlines компаниясының ұшақтары бір апта бұрынғы осы уақыттағы көрсеткіштен шамамен 130-ға аз болғанын тіркеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz