RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Алматыда жер сілкінісі болды

29.07.2026, 12:02 63

Бүгін күндіз Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сеүнді. Қырғызстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,6–4,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «24KZ»

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 11:09 бен 11:10 аралығында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 257–258 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алматы қаласы аумағында бұл дүмпулер 2 балл шамасында сезілді.

Қазіргі уақытта ТЖМ мамандары ахуалды бақылауда ұстап отыр. Ресми мәлімет бойынша, зілзала салдарынан зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ. Қала тұрғындарынан дүрбелеңге түспей, ресми ақпарат көздеріне ғана сену сұралады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz