RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Полицейлер 10-қабаттың терезесіне шығып кеткен баланы құтқарды

30.07.2026, 12:44 45

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде 10-қабаттың ашық терезесінің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланы тәртіп сақшылары құтқарып қалды, деп хабарлайды «24KZ»

Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің биік қабаттарының бірінде орын алған. Тұрғын үйдің терезесінен сыртқа шығып кеткен баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға шұғыл хабарлама түскен.

Ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына лезде жетті. Келген сәтте жағдай аса қауіпті болып, кәмелетке толмаған бүлдіршін ғимараттың сыртқы жақтауында тұрғаны анықталды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері -  Ержан Көкенов пен Данияр Татиев батыл әрі кәсіби шеберлік танытып, ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Бала сәтті құтқарылып, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға ескерту жасап, балаларды қараусыз қалдырмауға, әсіресе терезелері ашық бөлмелерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Мамандар терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, оның маңына баланың көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймау қажет екенін еске салды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz