RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Түркістан облысында TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жауапқа тартылды

31.07.2026, 10:02 47

Түркістан облысында әлеуметтік желіде балағат сөздер қолданып, дөрекі мінез көрсеткен стример әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ. 

Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған видеожазбаны анықтады.

Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп бұзушының жеке басы толық анықталды. Ол Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны Баян Шанкеева болып шықты. Сот шешімімен ол тиісті жазаға тартылды.

Полиция өкілдері «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы өмірде ғана емес, ғаламтор кеңістігінде де қатаң сақталатынын еске салды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz