RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Астанада көлік ішінен аспанға оқ атқан тұрғын 10 тәулікке қамалды

31.07.2026, 14:31 44

Елордада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция қызметкерлері көлік салонында отырып, сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында құқық бұзушының мас күйде болғаны анықталды.

Ол қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактісі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жаза қолданылатынын еске салды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz