Жамбыл облысында полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».
Қордай – Алматы автожолында өткізілген жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары күдікті көлікті тоқтатты. Сэм есімді қызметтік иттің көмегімен жүргізілген тексеру кезінде көліктің капоты астынан жалпы салмағы шамамен 8,5 келі болатын гашиш салынған полиэтилен пакет табылды.
Анықталғандай, 55 жастағы жүргізуші тыйым салынған затты Алматы қаласына тасымалдамақ болған. Қара нарықтағы тәркіленген есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Жамбыл облысы #есіртікі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz