Ақмола облысы Есіл ауданындағы Қалачи селосына жақын маңда қайғылы оқиға орын алып, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».
Ведомствоның алдын ала мәліметінше, 30 шілде күні жас жігіт биік жартастан суға секірген.
Болжам бойынша, секіру кезінде ол басымен су астындағы тасқа соғылып, есінен танып қалған, содан кейін оны ағын су әкеткен. Дереу іздестіру жұмыстары басталды.
Бүгін жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде марқұмның денесі оқиға болған жерден 200–250 метр қашықтықтан судан шығарылды.
Ақмола облыстық ТЖД бұл аумақ шомылуға қатаң тыйым салынған қауіпті орын екенін еске салды.
Тегтер #Калачи #оқыс оқиға #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz