Алакөл көлінде шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғандар анықталды, деп хабарлайды «24KZ». Жүргізілген бірлескен рейд қорытындысы бойынша 22 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Тексеру жұмыстарын құтқарушылар, полиция, прокуратура және көлік инспекциясының қызметкерлері бірлесіп жүргізді.
Алакөл көлінде 22 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 229 225 теңгені құрады. Алкогольдік ішімдік ішкен белгілері бар гидроцикл жүргізушісі куәландырудан өту үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап шағын көлемді кемелердің иелеріне қатысты 500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асты.
Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басқармасының бастығы Ерасыл Сайпаштың айтуынша, мұндай оқиғалар Алакөлде демалушылар мен тіркелген шағын көлемді кемелердің көп болуына байланысты жиі орын алады. Алайда жағажайларда мұндай көлік түріне толық тыйым салу мәселесі мұқият зерделеуді қажет етеді, өйткені су аттракциондары туристер арасында үлкен сұранысқа ие.
Еске сала кетейік, 17 шілдеде Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақат алған болатын. Кейін сол су қоймасында 69 жастағы Алматы тұрғыны - зейнеткер қайықтың винтіне түсіп, екі аяғынан айырылып қалды. Бұдан кейін әлеуметтік желілерде кейбір жағажайларда гидроциклдер мен катерлерді пайдалануға тыйым салу туралы ұсыныстар айтылған еді.
Тегтер #Алакөл #рейд #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz