Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам шоколад ұрлаған. Күдікті бұл әрекетін бірнеше апта бойы жүйелі түрде қайталап отырған, деп хабарлайды «24KZ».
Құқық қорғау органдарына қаладағы сауда орталықтарының өкілі дүкеннен тәттілердің жүйелі түрде жоғалып жатқанын айтып арызданған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында күдіктінің әрекет ету тәсілі анықталды. Ер адам дүкенге кіріп, өзін қалыпты ұстаған, айналасын бақылап жүріп, шоколадтарды қалтасы мен сөмкесіне жасырған. Кассадан төлем жасамай шығып кетіп, арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, бұл әрекетін күніне бірнеше рет, яғни кей күндері 5-6 рет қайталаған.
Бір айдың ішінде сауда орнынан барлығы 625 дана шоколад қолды болған. Сауда орнына келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асқан. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жаркент қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Тегтер #Жаркент #шоколад #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz