Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылында 51 жастағы ер адам бұрынғы әйеліне ауыр дене жарақатын салып, құлағының бір бөлігін кесіп тастады, деп хабарлайды «24KZ».
Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, сұмдық оқиға 25 шілде күні орын алған. Зардап шеккен әйел бұрын да осы азаматтан түрлі зорлық-зомбылық пен қорлық көрген.
Оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсінік берді.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылының тұрғынына ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті - жәбірленушінің бұрынғы күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.
Тегтер #ШҚО #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz