Ақтауда жасөспірімдер мектеп оқушысын ұрып-соғып, бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Қорқытып-үркіту мақсатында түсірілген кадрлар арқылы олар басқа баланы да қорқытпақ болған, деп хабарлайды «24KZ».
Жәбірленушінің отбасының айтуынша, оқиға таңертең болған. Бала дүкенге шыққан кезде оны 16-17 жастағы екі жасөспірім тоқтатқан. Олар оқушыдан үлтен бір баланы үйден алдап шығаруды талап еткен. Алайдa бұдан бас тартқан оқушыны олар аяусыз соққыға жығып, жәбірленушінің өзінің телефонына видеоға түсіріп алған.
Кейін бұл жазбаны әлгі балаға жіберіп: «Егер шықпасаң, досыңды да осылай соғамыз» деп қорқытқан.
Оқиғадан кейін жасөспірімдер ата-аналарымен бірге учаскелік полиция инспекторына жеткізілді. Туыстарының айтуынша, олар өз әрекеттерін жоққа шығармаған, тіпті полицейлердің көзінше де дөрекі әрі өркөкірек мінез танытқан.
Қазіргі уақытта соққыға жығылған оқушы ауруханаға жатқызылды. Туыстары құқық қорғау органдарынан объективті тергеу жүргізіп, шабуыл жасағандардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беруді сұрап отыр.
Тегтер #Ақтау #жасөсіпірмдер #буллинг #24жаңалықтар #24KZАталған дерек бойынша топ адам жасаған бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс санатына жатады және заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Жанжалдың барлық қатысушысы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды. Барлық жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды, - дейді полиция департаментінің өкілдері.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz