RU
Толық нұсқаға өту

Жеке сот орындаушысы борышкерлердің ақшасын туыстарының шотына аударған

05.08.2026, 12:44 47

Маңғыстау облысының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау заңдылығына тексеру жүргізу барысында миллиондаған қаражатты заңсыз басқалардың шотына аударған жеке сот орындаушысын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Құзырлы органның мәліметінше, жеке сот орындаушыларының бірі борышкерлер мен өндіріп алушылардың ақшасын аударуға арналған арнайы шоттан 3 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз шешкен. Бұл қаражатты ол өз туыстарының банк шоттарына аударып жіберген.

Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Прокуратура өкілдері атқарушылық құжаттардың уақтылы әрі заңды орындалуын тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz