Қазақстан футболының ардагері, ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды 24kz.
Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы жеткізді. Федерация ресми сайтында марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Александр Лисин кәсіби футболдағы мансабын «Целинник» клубында бастаған. Кейін «Астана», «Жеңіс», «Наша Компания», «Екібастұзец-НК», «Еуразия» және Степногорск қаласының «Химик» клубтарының намысын қорғаған.
Футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін бірнеше жыл бойы «Астана» футбол клубының жүйесінде қызмет атқарып, жас ойыншыларды тәрбиелеуге елеулі үлес қосты.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Александр Лисин көптеген талантты футболшылардың үлкен спортқа жол ашып, олардың кәсіби мансабының басталуына ықпал еткен.
Тегтер #футбол #Александр Лисин #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz