RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда Ресейден жеткізілген жалған көлік нөмірлері сатылған

07.08.2026, 17:05 46

Қазақстанда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) заңсыз дайындап, таратумен айналысқан қылмыстық схема әшкереленді, деп хабарлайды 24KZ.

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында жалған мемлекеттік нөмірлерді жүйелі түрде дайындап, сатуды ұйымдастырған күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметінше, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жөнелтіліп отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау, өткізу немесе пайдалану заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай заңсыз әрекеттер жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz