RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Жертөледегі жасырын зертхана: үйінде қарасора өсірген азамат ұсталды

10.08.2026, 11:09 44

Батыс Қазақстан облысында полиция есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл факт «Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған.

Полиция қызметкерлері Орал қаласында 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Күдіктінің үй ауласындағы шаруашылық құрылысты тінту кезінде есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруге арнайы жабдықталған фитозертхана табылған.

Жертөледен қарасораға ұқсас алты түп өсімдік, үш желдеткіш, екі прожектор, 14 жарықдиодты шамы бар панель және тыңайтқыш салынған 29 қаптама тәркіленді.

Сонымен қатар тұрғын үйді тінту кезінде қарасора тұқымы болуы мүмкін алты пакет табылып, тәркіленген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz