RU
Толық нұсқаға өту
фото: "Жасампаз мекен" жобасынан

84 млрд теңгелік жоба: Өскеменде қан ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін орталық ашылмақ

10.08.2026, 14:55 56

Өскеменде қан ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық орталық іске қосылуға жақын. 2020 жылы басталған ірі жоба алты жылға созылды. Қазір нысандағы құрылыс жұмыстарының 99 пайызы аяқталған, деп хабарлайды 24KZ.

Аумағы 38 мың шаршы метрден асатын нысанның жобалық құны – 84,3 млрд теңге. Қазір бөлінген қаржының 66 млрд теңгеге жуығы игерілген.

Шығыс Қазақстанда қан аурулары бойынша көрсеткіш жоғары. Жаңа орталық осы бағыттағы медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мұнда 148 төсек-орын, КТ, МРТ және рентген кабинеттері қарастырылған.

 

Қазіргі қан ауруларынан, қан құратын органдардың ауруларынан біздің елімізде 15-25 пайыз бүкіл онкологиялық аурулар дейміз ғой, соның 15-25 пайызын осы қан аурулары алып тұр, – дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Еділ Шалқар.

 

Орталық құрылысының алты жылға созылуына бірнеше себеп бар. Авторлық қадағалау өкілінің айтуынша, жобаға өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар 2020 жылдан бері құрылыс материалдарының бағасы да қымбаттаған.

Нысанда қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медициналық жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізіліп, орнатылуда. Алайда орталықты толық пайдалануға беру үшін қондырғыларды сертификациялау және қажетті лицензияларды алу жұмыстары аяқталуы тиіс.

 

Иә, енді сыртта өздеріңіз жаңа көргендей абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр ең көп дегені сол. Ал қалғандары енді аяқталу сатысында, – деді авторлық қадағалаушы Қазбек Өстеміров.

 

Орталықта ерте диагностикаға басымдық берілмек. Мұндағы компьютерлік томография аппараты 258 кескін жасай алады. Бұл қатерлі ісіктерді анықтау мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ мұнда сүйек кемігін трансплантациялау секілді күрделі операцияларды жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай ақ, жаңа медициналық орталықтың іске қосылуы өңір тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар нысанның болашақта медициналық туризмді дамытуға үлес қосуы күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz