Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстаннан декларацияланбаған валютаны заңсыз алып шығудың 70 әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды 24KZ.
Бар болғаны 10 күн ішінде заңсыз шығарылмақ болған қаражаттың жалпы сомасы 645 миллион теңгеден асты.
1-10 тамыз аралығында шекарашылар өткізу бекеттерінде осындай 70 фактіні анықтаған.
Оқиғалардың бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу бекетінде тіркелді. Шетел азаматының киімінің астынан 70 мың АҚШ доллары табылған. Бұл шамамен 32 миллион 550 мың теңге.
Аталған факті бойынша барлық материал процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.
Бұған дейін Шекара қызметі арнайы рұқсатсыз Қазақстаннан 10 мың АҚШ долларынан астам қолма-қол ақшаны алып шығуға болмайтынын еске салған.
Тегтер #ҰҚК #шетел азаматы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz