RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында 123 келі есірткі сатпақ болған азамат ұсталды

11.08.2026, 12:24 44

Жамбыл облысында есірткі өсімдіктерін жинап жүрген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды 24KZ.

Шу ауданының Тасөткел ауылы маңындағы құмды алқапта ұсталған азамат құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинаған. Ол аталған аумақта екі шатыр тігіп, жинаған есірткіні қаптарға салып сақтаған.

Ұсталған азаматқа қатысты операция Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Дельта-Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 123 келі кептірілген марихуананы құрады. Сонымен қатар қолғап, орақ және басқа да құралдар тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz