RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Футбол алаңындағы оқыс оқиға: ҚФФ мән-жайды анықтап жатыр

11.08.2026, 13:59 38

10 тамызда Астанадағы футбол алаңдарының бірінде бала зардап шекті. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы оқиғаға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу барысында футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Федерация балаға және оның отбасына қолдау білдірді.

ҚФФ мәліметінше, оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.

Қазір Федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ нысан мен футбол жабдықтарының техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізілуде.

Қазақстан футбол федерациясы оқиғаның себептерін анықтау үшін құзырлы органдарға барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және тергеу жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz