RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Астана – Петропавл тасжолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

11.08.2026, 14:25 47

Астана – Петропавл тасжолында Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы мен ГАЗ-53 көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 10 тамызда Астана – Петропавл автожолының 97-шақырымында болған. Апат салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Тағы жеті жолаушы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz