RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Telegram арқылы алданған қазақстандықтың ақшасы қайтарылды

11.08.2026, 17:33 38

Түркияда тұрақты тұратын Қазақстан азаматы интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды 24KZ.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, әйел шамамен 300 мың теңгені түрік лирасына айырбастауды жоспарлап, Telegram мессенджері арқылы көмек сұраған.

«Алаяқ әйелдің танысының фотосуретін пайдаланып, оның атынан жәбірленушімен хат алмасқан. Өзін таныс адам ретінде көрсетіп, сеніміне кірген қаскөй әйелді ақша аударуға көндірген», – деп хабарлады полиция.

Алданғанын түсінген әйел банкке жүгінген. Кейін іске полицияның CyberPol бөлімшесінің қызметкерлері қосылды.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының киберқылмыстарды ашу бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Молдаш Жақсыбаев жәбірленушімен байланысқа шыққан. Әйел Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратынына қарамастан, полицей оған әрі қарай қандай әрекет жасау керегін түсіндіріп, Telegram желісіндегі алаяқтың цифрлық іздерін дұрыс тіркеуге көмектескен.

Полиция қызметкерінің кәсіби қолдауы мен нақты нұсқауларының арқасында жәбірленуші қажетті ақпаратты ұсынып, шамамен 300 мың теңгені толық көлемде қайтарып алды, – деп атап өтті Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полиция алаяқтардың сенімге кіру үшін таныс адамдардың фотосуреттерін, есімдерін және аккаунттарын жиі пайдаланатынын ескертеді.

Құқық қорғау органдары мессенджерлер арқылы келген ақша аудару туралы өтініштерге бірден сенбеуге шақырады. Қаражат жібермес бұрын хабарлама жіберген адаммен тікелей байланысып, өтініштің шынымен сол адамнан келгеніне көз жеткізу қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz